Бүгін Сырым аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолы және жолаушылар көлігі бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Бүгін Сырым аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолы және жолаушылар көлігі бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Бүгін Сырым аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолы және жолаушылар көлігі бөліміне жаңа басшы тағайындалды. Аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтің өкімімен бұл лауазымды Тимур Айтқалиев атқаратын болды.

Тимур Айтқалиев 1982 жылы 10 қазанда Сырым ауданы, Жымпиты ауылында дүниеге келген. Осыған дейін салық, экономика салаларында қызмет атқарып, округ әкімі де болды.

Аудан әкімі бөлімнің жаңа басшысын ұжымына таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.