Неке /ерлі-зайыптылық/ болу үшін өтінішті «Электронды Үкімет порталы арқылы беріңіздер

Неке /ерлі-зайыптылық/ болу үшін өтінішті «Электронды Үкімет порталы арқылы беріңіздер

Неке (ерлі-зайыптылық) болуды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органдар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан  бойынша бірлескен жазбаша өтініштің негізінде жүргізіледі.

Неке (ерлі-зайыптылық) болуды мемлекеттік тіркеу некеге отыратын ерлі-зайыпты болатын адамдардың тілегі бойынша Қазақстан Республикасының кез келген аумағындағы тіркеуші органда беруге болады.

Өтінішті тіркеуші органға, Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ММ-не бір ай бұрын берілуге тиісті.

2011 жылдан бастап Неке /ерлі-зайыптылық/ болуға өтінішті «электрондық үкімет» порталы арқылы беруге болады.

Азаматтар үшін әділет органдары «Некені тіркеуге өтініш беру» электрондық қызметін іске асыра бастады.

Аталған қызмет Қазақстан Республикасының барлық аумағында іске асырылды және АХАТ саласында қызметті жедел алуда азаматтарға ыңғайлы болу үшін бағытталған.

Интернет пайдаланушылар бүгінде осы қызметтің басымдығын бағалай алады – енді некеге тұру үшін өтінішті түрлі қалалар мен мемлекеттерде жүріп ақ бере алады.

Некеге отыру (ерлі-зайыптылық) болу туралы өтінішті екеуінің яғни /ерл»-зайыпты/ болуға тілек білдіруші жастарымыздың электрондық сандық қолтаңбасымен Интернет арқылы жолдай алады.

Электрондық сандық қолтаңбаны алу үшін «электрондық үкімет» порталынан, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығынан немесе «электрондық үкіметтің» шоу-румдарынан алуға болады.

Электрондық сандық қолтаңба көмегімен өтінішке қол қояды, осылайша ұзақ кезектерде тұрудың және мемлекеттік органдарға барудың қажет етпейді.

Мемлекеттік баж төлемі электрондық үкіметтің төлем шлюзінің автоматтандырылған жүйесі арқылы іске асырылады.

Некені тіркеуге өтініш онлайн тәртібінде түскен кезде Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ММ-і бірден некені тіркеудің уақыты мен күнін белгілеу туралы хабарлама жібереді, сонымен қатар «Электрондық үкімет» порталы арқылы қате мәліметтер ұсынса оған бас тарту себебі көрсетіліп, дәлелді бас тарту жіберіледі.

Неке (ерлі-зайыптылық) болуға қағаз түрінде өтініш беруші жұптарымыз поштаға не болмаса банктерге барып, кезекке тұрып мемлекеттік баж төлеп, өз уақыттарын жоғалтады.

Сондықтан Неке (ерлі-зайыптылық) болуға өтініш білдіруші жұптарымызға /жастарымызға/ айтарым осындау тиімді мүмкіндіктерді пайдаланып, өздеріңіздің уақыттарыңызды үнемдеп, электрондық сандық қолтаңба алып, Интернет арқылы неке /ерлі-зайыптылықты/ болу өтінішті «Электронды үкімет порталы арқылы беріңіздер.

 

 

Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет,

тілдерді дамыту, дене шынықтыру

және спорт бөлімінің бас маманы                                 А.С.Ишмуханова