ТАСҚҰДЫҚТА ҚОҒАМДЫҚ МОНША САЛЫНУДА

ТАСҚҰДЫҚТА ҚОҒАМДЫҚ МОНША САЛЫНУДА

Былтыр Елтай ауылдық округінің орталығы Тасқұдық ауылына орталықтандырылған ауыз су барды. Суды кәсібінің игілігіне пайдаланып жатқандар бар. Солардың бірі - "Қарабура" шаруа қожалығы.

Қожалық былтыр ауылдық ортасынан 10 - 12  адамға арналған қоғамдық моншаның құрылысын бастады. Қазір монша жылу жүйесі қосылды, ішкі жұмыстары жасалуда. "Жұмыспен қамту" бағдарламасының аясында келген ауыз суды тиімді пайдаланған қожалық шынымен де ауылдың санаулы тұрғынын жұмыспен қамтымақ. Бағдарламаның тиімділігі деген - осы!

Кеше аудан әкімі Төлеген Төреғалиев пен облыстық мәслихат депутаты Ғанимат Нұрмұханов нысанмен танысты.