Мемлекеттік кәсіпорын басшысы (директоры) лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Мемлекеттік кәсіпорын басшысы (директоры) лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Конкурс өткізу күні мен орны: 27 қараша 2020 жыл. «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ,  090900, БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі 12, телефон 871134-31349

Кәсіпорынның атауы, орналасқан жері:  090900, БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі 10. 871134-21288, «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің демалыс орталығы» МКҚК. Негізгі қызметі: Сырым ауданы аумағында мәдени іс-шараларды атқару.

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

      Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Бюджет кодексін, Еңбек 

кодексін"Мәдениет туралы" "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы""Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы""Мемлекеттік мүлік туралы""Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңдарын білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: "Өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" немесе "қызмет көрсету" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Лауазымдық міндеттері:

      мәдени-демалыс ұйымдарының қызметтеріне басшылық етеді;

      шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыруды, жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарды ұйымдастырады;

      байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылығының байқауларын, көркемөнерпаз жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;

      көркемөнерпаз ұжымдарының жұмыстарын бақылауды жүзеге асырады;

      саябақтың және оның бөлімшелерінің аумағында эстрадалық театрлар, кинодәрістер, планетриялар, кітапханалар, би және ойын павильондары мен алаңдар, мұз айдындар, шаңғы және қайық станцияларын, мәдени-тұрмыстық және спорттық құрал-жабдықтарды жалға беру базаларын, әртүрлі аттракциондар және халыққа қызмет көрсететін нысандарды, сондай-ақ үрмелі аспаптар және эстрадалық оркестрлерді, көркемөнерпаздар ұжымын, әртүрлі секцияларды ұйымдастырады, бақ-саябақ шаруашылығының дамуын және сақталуын қамтамасыз етеді;

      білікті мамандарды әдістемелік құралдар, сценарийлер, репертуар жасауға, осы материалдарға пікір жазу және көркемөнерпаздар ұжымына шығармашылық көмектер көрсету жұмыстарына тартады;

      мамандарға кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды, жұмыскерлердің шығармашылық бастамаларын ынталандырады;

      ұйым қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртіптерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауларын бақылайды.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі: 13.11.2020 ж.-27.11.2020 ж.

Құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде қабылданады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:    

      1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

      3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

      4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

      6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен

 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

      Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты бере алады.