СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және жауапты сала мамандары қатысты. Жиында спорт және мәдениет салаларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлан Сарсенов баяндама жасады. Сондай-ақ аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Жанболат Мұхамбетжанов жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралар туралы ақпарат берді. Отырыста Бұлдырты ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Уәлихметов, Жосалы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Асхат Төлепов, Жетікөл ауылдық округінің әкімі Айдархан Рамазанов және Сарой ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Айбол Жакиев өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Жиын қорытындысында дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашықтық пен заңдылық қағидаттарын сақтау бағытында бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Нұрайлым Құбаева ✍🏻