ӘКІМДІКТЕН СКРИПКА САЗЫ ЕСТІЛГЕН КҮН
Бүгін Сырым ауданында 21 мамыр - Мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күніне орай “Мәдениет мәңгілік - өнер өміршең!” атты салтанатты шара өтті.
Сала мамандарын кәсіби мерекемен Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов құттықтады.
- ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев: “Мәдениет - ұлттың рухани коды.” - деп баға берді. Өнер ұлттан, мәдениет тарихтан тамыр тартады. Ауданның мәдениет саласында 70 - тен аса қызметкер, 12 халықтық үлгілі ұжым, 2 халықтық театр бар. Олардың еселі еңбегі бағалануға лайық. - деді аудан әкімі.
Сырым ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында бірқатар қызметкерлер марапатқа ие болды:
«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиевтің “Алғыс хатымен”:
1. Жакен Маева – Жетікөл ауылдық мәдениет үйінің директоры;
2. Әлия Қойбағарова – Тасқұдық ауылдық мәдениет үйінің әдіскері;
3. Қайрат Илашев – Жымпиты халықтық театры режиссерінің көмекшісі марапатталды.
Батыс Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Қуанышбек Мұханғалиевтің алғыс хатымен:
1. Гаухар Хусайнова – Сарой ауылдық клубының меңгерушісі;
2. Гүлдерайым Упагалиева – балалар бөлімінің меңгерушісі марапатталды.
Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязовтың алғыс хатымен:
1. Римма Коцелл – Алғабас ауылдық мәдениет үйінің әдіскері;
2. Жанат Ғайсағалиев – Жосалы ауылдық клубының меңгерушісі;
3. Алмагүл Жұма – үйірме жетекшісі;
4. Арнұр Қажымов – аудандық «Демалыс орталығы» МКҚК суретші-дизайнері;
5. Армат Жүсіпқалиев – МДЖ ұйымдастырушы маманы;
6. Шынтас Мұстажапов – Алғабас ауылдық мәдениет үйінің директоры;
7. Гүлмайрам Булекчурина – жастар бөлімінің меңгерушісі;
8. Анар Төлегенова – Аралтөбе ауылдық мәдениет үйінің мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастырушы маманы;
9. Айгерім Хамитова – Бұлдырты ауылдық мәдениет үйінің мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастырушы маманы;
10. Аңсар Жетпісқали – МДЖ ұйымдастырушы маманы;
11. Әлімжан Ізімғали – Қособа ауылдық клубының әдіскері.
«AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы Талғат Дарғожиевтің “Алғыс хатымен” :
1. Батырғали Ихсанов
2. Айдос Кабулов .
Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Медет Мерғалиевтің алғыс хатымен:
1. Армат Алдамжаров – «Демалыс орталығы» МКҚК мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастырушы маманы;
2. Алмаз Жұмагелдиев – «Демалыс орталығы» МКҚК әдіскері;
3. Мөлдір Бегимова – Қособа ауылдық клубының меңгерушісі;
4. Есбол Нетқали – «Демалыс орталығы» МКҚК мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастырушы маманы;
5. Жоламан Еркін – «Демалыс орталығы» МКҚК мәдени-көпшілік іс-шаралар режиссері;
6. Гүлназ Жусупкалиева – «Демалыс орталығы» МКҚК мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастырушы маманы;
7. Азамат Кеңес – «Демалыс орталығы» МКҚК мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастырушы маманы марапатталды.
Салтанатты шарада Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі өнер көрсетті. Оркестр А.Вивальди, С. Иррадьер, К. Кристофер, Р. Непесов секілді шетелдік авторлардың классикалық шығармалары мен отандық композиторлардың туындыларын орындады. Жеке дауыста А. Хайырханов шырқады.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері — Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі Асхат Хасанов.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
“Сырым елі”
Суреттерді түсірген: Қоңдыкер ЕЛЕУОВ