Жеңіс күні - ерліктің, қажырлы қайраттың және өмірге деген махаббаттың символы.
ҚР Конституциясында адам өмірі, бостандық және бейбітшілік басты құндылық ретінде көрсетілген.
Айта кетейік, бүгінгі күні Қазақстанда 57 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. Оның алтауы Батыс Қазақстан өңірінде ғұмыр кешуде.
Бұдан бөлек, елімізде ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі ҰОС Жеңісіне үлес қосқан өзге азаматтардың жалпы саны 32 852 адам деп ақпарат таратты.
Жарын майданға аттандырған аналар, әкесінің етігін киіп, тылда еңбек еткен балалар - жеңіс тарихының бір бөлігі.