«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ СЫРЫМ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХІХ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ СЫРЫМ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХІХ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.

Аудандық мәдениет үйінде, санитарлық талаптарды сақтай отырып, «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясы өтті. 17 бастауыш партия ұйымынан сайланған 45 делегаттар конференцияның күн тәртібіндегі 4 мәселе бойынша хабарламалар тыңдады. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе ««Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданды бойынша сайлауалды бағдарламасын бекіту» бойынша филиал төрағасы Т.Төреғалиев хабарлама жасап, бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталып өтті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе шеңберінде облыстық мәслихатқа үміткер ретінде тіркелген екі кандидат арасында пікірсайыс оздырылып, конференцияға қатысушы делегаттардың дауыс беруі арқылы көп дауысқа ие болған Ғ.Нұрмуханов «Nur Otan» партиясынан Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімге ұсынылды.

Конференцияның кезекті мәселесі, «Nur Otan» партиясынан Сырым ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі партиялық тізімді қабылдап, бекіту. Праймериздің рейтингі бойынша партиялық тізімге 22 адам ұсынылып, бекітілді. 22 кандидаттың 31,8% әйелдер, 31,8% 35 жасқа дейінгі жастар, соның 4 – уі 29 жасқа дейінгі.

Күн тәртібінде бекітілген соңғы мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының ХХVІ конференциясына құрамы 9 адамнан тұратын делегаттар сайланды. Конференцияның күн тәртібіне қойылған мәселелердің барлығы қаралып, делегаттардың мақұлдауымен қаулылар қабылданды.