Қособаның білекті жігіттері лига аясында 12 тартыс өткізген. Жартылай финалда атышулы “Көктерек” командасын 2:0 есебімен ұтты.
Қоржынға түскен 30 ұпай қособалық жігіттердің І орынға шығуын қамтамасыз етті.
Ұпай сандарының тең болуына байланысты Казталов ауданы, Көктерек ауылының құрамасына да І орынның жүлдесі берілді.
Арқанның екі басында жиі жолығатын азулы қарсыластар осылайша жеңіс тұғырын бөлісті.
Қос команданың да ұқсас жері - ел ішінде қасиетті қара күш иелерінің жүргенін дәлелдегенінде, олардың жүректерінде спорттық рухты жаға алғанында.