Кеңеске Сырым ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Серік Тоқмамбетов және Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Ғабит Ғазиев және қос аудандағы округтердің әкімдері, әлеуметтік сала мамандары қатысты.
Спикер ретінде сөйлеген Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Абдолов
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған
«Отбасының цифрлық картасы» жүйесінің тиімділіктері мен қолдану тәртібін түсіндірді.
Бүгінгі күні жергілікті әкімдіктер әлеуметтік көмек көрсету шараларын сапалы орындау, соның ішінде «Отбасының цифрлық картасындағы» D-E санатындағы отбасылар санын төмендету міндет болып отыр. Ол үшін ауылдық округті мониторингтеу, әлеуметтік осал топтарды анықтау, демографиялық, әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерді талдау маңызды.
Халықты кедейлік шегінен шығару үшін жанұялардың табысын арттыру қажет. Кірісті көбейтудің екі жолы бар. Бірі - тұрақты жұмыспен қамту. Екіншісі - кәсіп. Кәсіптің мүмкіндігі кең. Әрі бұл бағытта мемлекет бірқатар қолдау бағдарламаларын ұсынып отыр.
Сырым ауданы “Отбасының цифрлық картасы” модулінің әр индикаторы бойынша жіті жұмыстануда.
Бүгінгі күні Елтай мен Қособа ауылдық округтерінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар жоқ.
Бұл да жүйелі жұмыстың нәтижесі.