Кеше Сырым ауданында “Таза Қазақстан” акциясы аясында “Ағаш егу” күні өтті.
Шуақты күнде өткізілген игі шарада Сейфуллин көшесіндегі балалар алаңына ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелер көшет отырғызып, келер толқынға ерекше із қалдырды.
Сондай-ақ Сырым Датов көше бойына да көктерек тұқымды ағаштар отырғызылды.
Аудан орталығынан Қособа, Сарой ауылдық округтеріне шыға беріс жол бойы қоқыстан тазартылды. Қазақстан көшесіндегі әкімдік алдына мемлекеттік қызметкерлер атаулы талдарын екті.
“Бүгін 170 түп көктерек ауыл көгіне шығуға бет алды.Бұл істің мақсаты - туған жердің тазалығын сақтау, көгалдандыру. Әркім өз ауласын жасылдандыру керек. Барша ауыл тұрғындарын ауыл экологиясын бірге көтеруге шақырамын.”- дейді, Жымпиты ауылының әкімі Мейрам Қайырғалиев.
Қоңдыкер ЖЕҢІСҰЛЫ,
“Сырым елі”