МАҚСОТ БЕРГЕН ҚАЙТА САЙЛАНДЫ.

МАҚСОТ БЕРГЕН ҚАЙТА САЙЛАНДЫ.
10 сәуір күні облыстық мәслихаттың мәжіліс залында облыстық ардагерлер кеңесінің тоғызыншы есеп беру-сайлау конференциясы жоғары деңгейде өтті.
Конференция жұмысына облыс әкімінің міндетін атқарушы орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық мәслихаттың төрағасы Мұрат Мұқаев, облыс әкімдігі мен мәдениет басқармасының өкілдері және өзге де лауазымды тұлғалар қатысты.
Сонымен қатар жиынға облысқа қарасты аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағалары және конференцияға сайланған делегаттар қатысты.
Мемлекеттік Әнұран орындалғаннан кейін конференция өз жұмысын бастады. Алғаш болып сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген соңғы бес жылда атқарылған жұмыстар бойынша есептік баяндама жасады. Баяндама қатысушылар тарапынан зор ықыласпен тыңдалып, жарыссөзге шыққандар өз ой-пікірлерін білдіріп, атқарылған жұмыстарға қанағаттанарлық баға берді.
Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов пен облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев сөз сөйлеп, Мақсот Қабышұлының есепті кезеңдегі қызметіне оң бағаларын берді.
Сондай-ақ конференция барысында облыс әкімі мен мәслихат төрағасы атынан бірқатар ардагерлерге алғыс хаттар салтанатты түрде табыс етілді. Марапатталғандар қатарында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Әлібекұлына облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан алғыс хат берілді.
Конференция барысында облыстық ардагерлер кеңесінің жаңа құрамы сайланып, ұйым төрағасы болып Мақсот Берген қайта сайланды.
Сонымен бірге республикалық ардагерлер конференциясына қатысатын делегаттар да анықталды. Жиын соңында «Алматы» мейрамханасында өңір басшысы атынан делегаттарға мерекелік дастархан жайылды.