ПРЕЗИДЕНТТІҢ АЛҒЫС ХАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ АЛҒЫС ХАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
ПРЕЗИДЕНТТІҢ АЛҒЫС ХАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
ҚР Жаңа Конституциясының жобасын сапалы дайындауға, оны қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыруға және өткізуге белсене атсалысқандар сырымдықтар бүгін ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың алғыс хатына ие болды. Марапатты Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов табыс етті.
Мемлекет басшысының құрмет хатына ие болғандар қатарында:
- Шынар Дүйсенғалиева - Сырым аудандық мәслихатының төрағасы;
- Талғат Дарғожиев - “Amanat” партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасы;
- Мира Мұхамбедиева - “Amanat” партиясы Сырым аудандық филиалы маманы;
- Ақкүміс Мұрадымова - Отбасын қолдау орталығының директоры;
- Айнұр Уәлиахмет - М. Есламғалиев атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры;
- Тимур Құбаев - Сырым аудандыө ішкі саясат бөлімінің басшысы;
- Райымбек Нариманов - Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы бар.
Аудан әкімі Жұмагелді Жолдыбайұлы қоғамдық - саяси оқиға арқылы Қазақстан Тәуелсіздігінің жаңа парағын ашылғанын, яғни жаңа Конституцияның қабылданғанын айтты.
Ата Заңның жаңа кітабы - келешектің игілігіне қызмет ететін құжат.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
“Сырым елі”