Сырым ауданында білім саласы қызметкерлері арасында дәстүрлі аудандық Х Денсаулық спартакиадасы ұйымдастырылды.
Салауатты өмір салтын насихаттап, әріптестер арасындағы ынтымақтастықты арттыруды мақсат еткен спорттық шараға аудан мектептері мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының командалары қатысты.
Атап айтқанда, Бұлдырты, Қособа, Аралтөбе, Жырақұдық, Сырым, Тасқұдық, Көздіғара, мектеп-лицейі, Абай, Ж.Досмұхамедов, А.Жұмағалиев, Қызылағаш, Жамбыл бастауыш кәсіподақ ұйымдары және аудандық “Білім” командасы өзара бақ сынады.
Спартакиаданың ашылу салтанатына Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Жамбылов, Жымпиты ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы, спорт ардагері Гилаж Қаналиев, спорт ардагері Санат Берсебаев, “Қайсар” спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов және аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Ләззәт Тапаева қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс волейбол, садақ ату және үстел теннисі бағыттары бойынша өткізілді. Қатысушылар тартысты бәсекеде шеберліктерін танытып, командалық рух пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
Волейболдан: І орын – Қособа бастауыш кәсіподақ ұйымыІІ орын – Лицей бастауыш кәсіподақ ұйымы�ІІІ орын – Жырақұдық бастауыш кәсіподақ ұйымы
Садақ атудан: І орын – Ж.Досмұхамедов мектеп бастауыш кәсіподақ ұйымы ІІ орын – Жамбыл ауылы бастауыш кәсіподақ ұйымы ІІІ орын – Қособа бастауыш кәсіподақ ұйымы
Үстел теннисінен: І орын – Қызылағаш бастауыш кәсіподақ ұйымы ІІ орын – Лицей бастауыш кәсіподақ ұйымы ІІІ орын – Қособа бастауыш кәсіподақ ұйымы
Жеңімпаз командалар арнайы кубок, диплом және қаржылай сыйлықпен марапатталды.