БЮЛЛЕТЕНЬДІ БІРГЕ БҮКТЕП…

БЮЛЛЕТЕНЬДІ БІРГЕ БҮКТЕП…
Әкім сайланғалы жатқанда, бей - жай жатуға бола ма?
Төсқалтасына куәлігін салып алып, #312 учаскеге жасы сексеннің сеңгіріне жеткен Әділғали Итолиев ақсақал келді.
Жарты ғұмырын ауылды өркендетуге, дәлірек айтсақ дала еңбегіне арнаған сексен бестегі Әділғали қария бүгін зайыбы Закия анамызбен бірге ауыл болашағы үшін өз таңдауын жасады.
Ата мен әженің бір - бірін кабинаның алдында тосып, бюллетеньді жәшікке бірге бүктеп салып жатқаны - көрер көзді сүйсіндіреді. Әдемі қарттық деген осы шығар.
Талдыбұлақ ауылында осындай жарасты жанұялар көп!
 
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
“Сырым елі”