Сайлауға қатысуды азаматтық борыш деп санайтын азаматтың бірі - еңбек ардагері Жолдығали Темірбаев.
- Бүгін ауылымызда айтулы күн. Себебі, әкімімізді сайлап жатырмыз. Таңдауымды жасадым.
- Жаңа әкімді жұмысты неден бастауы керек!? - деген сұрағымызға:
- Бірінші шаруа - бөгет. Жазда малға су керек. Қанша техника жұмылдырылды, қанша күш кетті, бірақ көктемгі су бөгетті бұзып кетіп тұр. Менің ойымша, су тұрбасын төменірек салу керек. Артық су ағып кетеді, ағып үлгермегені көлге жайылады. Талдыбұлақта бұрын бақша болғанын естіген шығарсың. Бөгеттің суымен суғарылатын еді. Жаңа сайланған әкіміміз ауылда бау - бақша мәдениет дамытса деген ұсыныс бар. - дейді Жолдығали ағамыз.