Жоғарыда хабарлағанымыздай, бүгін Сырым ауданы, Талдыбұлақ ауылдық округінде әкім сайлауы өтуде.
Ауыл әкімінің сайлауына таңмен таласып еңбек ардагерлері келді.
Кезінде “Көктөбе” ЖШС - да қызмет жасаған Шығай Жалелов пен механизатор Ерген Таубасов еңбек адамдарының қанға сіңген әдетімен ерте тұрып, елдік іске өз үлестерін қосты.
Алғашқы дауыс беруші ретінде зейнеткер Шынар Өтегенова да сыйлыққа ие болды.
Айта кетейік, қазақстандықтар 2021 жылғы 25 шілдеде алғаш рет ауылдық округ, кент және ауыл әкімдерін халық тікелей сайлады.
Бұл - елдегі демократиялық үдерістің жарқын белесі.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
“Сырым елі”