Бүгін, 20 ақпан күні аудан әкімі Батырниязов Жұмагелді Жолдыбайұлы Жымпиты ауылында ауыл әкімімен бірге тұрғындармен кезекті кездесулерін өткізді. Бұл кездесуде ауыл тұрғындары өздерін толғандыратын мәселелерін ашық айтып, ұсыныстарын ортаға салды. Аудан әкімі ауылдың инфрақұрылымы, әлеуметтік жағдайы, тұрғындар өмірін жеңілдететін жобалар бойынша жоспарларын бөлісті.
Сонымен қатар, кездесулер Қособа ауылында да жалғасын тауып, оған аудан әкімінің орынбасары Тоқмамбетов Серік Әнуарұлы қатысты. Тұрғындар өз сұрақтарын қойып, ауылдың даму бағытында нақты ұсыныстар жасады. Мұндай ашық диалог ауыл билігі мен тұрғындар арасындағы сенімді нығайтып, жергілікті мәселелерді бірлесе шешуге мүмкіндік береді.