Бүгін, аудан әкімі Батырниязов Жұмагелді Жолдыбайұлы Сарой және Жетікөл ауылдық округтерінің тұрғындарымен кезекті есептік кездесу өткізді.
Жиынға аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен мекемелердің басшылары қатысып, халықпен ашық диалог алаңы ұйымдастырылды. Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Көтерілген сұрақтарға ауыл әкімдері мен аудан басшысы нақты жауап беріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы мәлімет ұсынды.
Мұндай кездесулер тұрғындармен кері байланысты нығайтып, өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.