ҚАРИЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАРИЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Ағымдағы жылдың 17 ақпан күні аудан әкімінің орынбасары Тоқмамбетов Серік Әнуарұлы қасиетті Ораза айында мешіттерде тарауих намазын өткізу және бір ай бойы діни қызмет көрсету үшін ауданымызға келіп жатқан қариларды қабылдады.
Кездесу барысында аудан тұрғындарының діни-рухани өміріне қатысты өзекті мәселелер талқыланып, қарилар алдағы жұмыстар жөнінде ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Аудан әкімінің орынбасары Тоқмамбетов Серік Әнуарұлы көтерілген мәселелер назарға алынатынын атап өтіп, діни қызметкерлердің қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтаудағы рөлі маңызды екенін жеткізді. Кездесу ашық әрі мазмұнды өтті.
 
Құбаева Нұрайлым