Бүгін аудан әкімі Батырниязов Жұмагелді Жолдыбайұлы Аралтөбе, Талдыбұлақ және Тасқұдық ауылдарының тұрғындарымен жоспарлы кездесулер өткізді. Жиындарға бөлімдер мен мекемелердің басшылары да қатысып, ауыл жұртшылығының сауалдарына бірлесе жауап берді.
Кездесу барысында тұрғындар күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді көтеріп, ауылдың дамуына қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Аудан басшысы әр сұраққа нақты жауап беріп, шешімді қажет ететін мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеді.
Мұндай ашық форматтағы жүздесулер халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, жергілікті басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Кездесу ауыл өміріндегі маңызды түйткілдерді бірлесіп шешуге бағытталған нәтижелі диалог алаңы болды.