Кама Хабиқызының 90 жас мерейтойына орай
Қ.Мырзалиев атындағы орта білім беретін мектебі қабырғасында өткен
«Періште көңіл – парасат пайымы» атты әдеби-сазды кешінен бейнеүзік

Аудандық “Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы” мекемесінің “Жеті нота” вокал үйірмесінің жетекшісі Алтынбек Қанатқалиев Кама Хабиқызының «Ұстаздардың жанарынан от көрем» атты әніне жаңаша тыныс беріп, музыкасын жазды.
Әдеби-сазды кеш аясында тұсауы кесілген бұл туынды – ұстазға деген құрмет пен жүректегі алғыстың әуезді көрінісі.

Кеш көркін қыздырған ән көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, ерекше әсер сыйлады.