МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ - ЖАСТАР ТАҢДАУЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ - ЖАСТАР ТАҢДАУЫ
Бүгін, 12 ақпан күні аудан әкімдігінде оқушылар мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында мемлекеттік қызмет құндылықтарын насихаттау және ерте кәсіптік бағдар беруді ілгерілету мақсатында “Ашық есік күні” ұйымдастырылды.
Кездесуге “Үздік мемлекеттік қызметкер - 2025” атағының иегері Шынболатова Айкөркем және конкурссыз, GPA 3,89 көрсеткішімен мемлекеттік қызметке қабылданған Серікбаева Назира қатысты.
Іс-шара барысында жастар мемлекеттік қызметтің маңыздылығы, оның қоғам алдындағы жауапкершілігі мен мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат алды.
Құбаева Нұрайлым