8 - 11 ақпан күндері Қарағанды қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Елдің әр өңірінен жиналған мықты балуандар бақ сынаған дүбірлі додада жерлесіміз Нұрымжан Ғаббасов жоғары шеберлік пен қайсар мінез танытып, +98 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан оқ бойы озып, чемпион атанды!
Нұрымжан Ғаббасов - елімізге танымал, республикалық және халықаралық жарыстарда олжа салып жүрген тәжірибелі спортшы. Самбо және дзюдо күрестерінен ҚР спорт шебері, самбо күресінен жастар арасында ҚР чемпионы және Азия чемпионатының қола жүлдегері.
Бұл - үлкен еңбек пен тынымсыз дайындықтың, табандылық пен жігердің жемісі. Нұрымжанның жеңісі - тек жеке жетістік емес, өңіріміздің абыройын асқақтатқан айтулы оқиға.
Жерлесімізді жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, көк туымызды көкте желбірете берсін!