ФУТЗАЛДАН СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

ФУТЗАЛДАН СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
Бүгін, 6 ақпан күні А. Шайхиев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде футзалдан Сырым ауданының чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты бәсекеге толы өтті.
Ауданның әр ауылдарынан жиналған командалар өзара шеберліктерін сынап, тамашалаған әрбір адамға әсерлі ойын сыйлады. Чемпионат барысында спортшылардың жеңіске деген жігері, командалық рухы мен дайындығы айқын көрінді.
Жарыс қорытындысы бойынша:
I орын - “Достар” (Жымпиты ауылы) командасы
II орын - “Абай” (Шағырлой ауылы) командасы
III орын - “Жымпиты” (Жымпиты ауылы) командасы
Сонымен қатар, жеңіске деген табандылығы мен қайсарлығы үшін “Қособа” командасы арнайы марапатқа ие болды.
Жеке номинациялар бойынша:
Үздік қорғаушы - Ерболатов Мирас(Жымпиты ауылы), Үздік сұрмерген - Қоныров Рысбек(Шағырлой ауылы), Үздік ойыншы - Шерниязов Өркен (Жымпиты ауылы), Үздік қақпашы - Байралиев Салауат (Жымпиты ауылы)
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломмен, кубок, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Осындай спорттық шаралар жастардың салауатты өмір салтын ұстануына, спорттың дамуына үлкен үлес қосады. Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!
 
Нұрайлым Қуандыққызы