Кездесуге Сырым ауданы әкімдігінің атынан Сырым аудандық мәслихат төрағасы Шынар Сайлауқызы Дүйсенгалиева қатысып, кеш иесі Сара Есқайрқызы Танабаеваны құттықтап, сый-сыяпат табыс етті.
Кешті ғалым, ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты Азамат Мамыров жүргізді. Кеш барысында Жастар мәдениет сарайының әншілері Тарас Жауымбаев пен Рүстем Кереевтің орындауында “Музейдегі ой” әні шырқалса, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Меңдібек Лұқпановтың “Жәдігер жүрек” және Ертай Бимұхановтың “Еселі еңбек иесі” атты арнау өлеңдері оқылды.
Кездесу барысында қонақтар Сара Танабаеваға жылы лебіздерін білдіріп, оқырмандар көкейдегі сауалдарын қойды.
Шара аясында “Өлке тарихын зерделеген ғұмыр” атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрермен назарына ұсынылды.