“ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП” ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

“ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП” ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ
Бүгін, 6 ақпан күні Серік Тоқмамбетов Әнуарұлының төрағалығымен аудандық мәдениет үйінде “Заң және тәртіп” идеологиясы аясында маңызды жиын өтті. Жиынды “АМАНАТ” партиясы Сырым аудандық филиалының атқарушы хатшысы Талғат Дарғожиев жүргізді.
Жиынға аудандық прокуратура, полиция бөлімі, мекемелер мен дербес бөлімдердің басшылары, сондай-ақ ұйым басшылары қатысты.
Кездесу барысында бірқатар сала өкілдері баяндама жасап, өзекті мәселелерді ортаға салды. Атап айтқанда:
•Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Кужахметов Бақтығали Серғалиұлы қоғамдық тәртіп пен құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелеріне тоқталды
•”Отбасылық құндылықты сақтау – қоғамның берік негізі” тақырыбында аудандық отбасын қолдау орталығының директоры Мурадимова Ақкүміс Хамитқызы баяндама жасады
•”Заң және тәртіп” тұжырымдамасы аясында білім беру мекемелеріндегі профилактикалық жұмыстар туралы аудандық білім беру бөлімі басшысының м.у.а. Аманғалиев Қайырбек Амандаулетұлы
•”Заң мен тәртіптің діндегі түсінігі” тақырыбын ауданның бас имамы Қисметов Нұралім Біржанұлы тарқатты
•Медицина саласындағы заңнамалық өзгерістер мен толықтырулар жөнінде аудандық аурухана директорының орынбасары Миргүл Серікқызы ақпарат берді
•Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының “Заң және Тәртіп” жобасы аясында атқарылған іс-шаралар туралы Нариман Райымбек Көпболсынұлы баяндады.
Сонымен қатар, аудан прокуроры Камбетов Ершат Оңатұлы сөз сөйлеп, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Тоқмамбетов Серік Әнуарұлы кездесуді қорытындылап, “Заң және тәртіп” қағидаттарын қоғамда берік қалыптастыру - баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.
 
Нұрайлым Қуандыққызы