Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Серік Токмамбетовтың төрағалығымен ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша жиын өтті.

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Серік Токмамбетовтың төрағалығымен ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша жиын өтті.
Жиынға облыс әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Зұлқашев, «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, несие беру және несиеден кейінгі қызметтер департаментінің директоры Нұрбол Алтаев, аталған корпорацияның аграрлық мәселелер жөніндегі қызметкері Серік Жарылғапов, ауылдық округ әкімдері, тиісті мекеме басшылары және ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің жетекшілері қатысты.
Кездесу барысында бағдарламаның жаңартылған бағыттары, қаржыландыру тетіктері, несие алу шарттары мен тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Облыс әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов округ әкімдеріне «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндіктерін халыққа кеңінен әрі түсінікті түрде жеткізу қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар кооператив басшылары өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, атқарылып жатқан жұмыстар мен кездесіп отырған өзекті мәселелерді ортаға салды.
Жиын қорытындысында округ әкімдері мен жауапты мекеме басшыларына бағдарламаны тиімді іске асыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар жүктелді.
Құбаева Нұрайлым