АҚШАҚАР - 2026: ШАҢҒЫШЫЛАР АЛАМАНЫ

АҚШАҚАР - 2026: ШАҢҒЫШЫЛАР АЛАМАНЫ
Сырым аудандық жас туристер станциясы Өлеңті өзенінің жағасында “Ақшақар-2026” атты шаңғы туризмі техникасынан аудандық жарыс ұйымдастырды.
Шараның мақсаты - қысқы туризм техникасын насихаттау, оқушылардың шаңғы туризмі арқылы далалық практикалық дағдыларын жетілдіру болатын.
Аталған шараға аудандық білім беру бөліміне қарасты мектептерден 10 команда қатысып, өзара сайысты. Олар шаңғы туризмі техникасынан ұлдар және қыздар болып сынға түсті.
М 11-13 жас ерекшелігі:
І орын - Самиғолла Қаныбек (А.Жұмағалиев атындағы МББК)
ІІ орын - Ғабделсамат Ғабдел (Бұлан МББК)
ІІІ орын - Ерген Тамирлан (Ж.Досмұхамедов атындағы МББК)
ІІІ орын - Бауыржан Сұңғат (Қ.Мырзалиев атындағы ЖББОМ)
W11-13 жас ерекшелігі:
І орын - Маликова Аделия (Ж.Досмұхамедов атындағы МББК )
ІІ орын - Сағидоқас Ақбаян (Бұлан МББК)
ІІІ орын Сауырбаева Аяла (Жырақұдық ЖОББМ)
М 14-16 жас ерекшелігі:
І орын - Өмір Арман (Ж.Досмұхамедов атындағы МББК)
ІІ орын - Ерген Ернұр (Абай МББК)
ІІІ орын - Ғабделсамат Оралбек (Бұлан МББК)
W14-16 жас ерекшелігі:
І орын -Шыныбек Зарина (Ж.Досмұхамедов атындағы МББК)
ІІ орын - Мусина Айкөркем (Бұлан МББК)
ІІІ орын - Жолдығали Алтынай (Бұлдырты ЖОББМ)
Жалпы командалық есепте
Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп оқушылары топ жарды.
Бұлан ЖОББМ екінші орынды, А.Жұмағалиев атындағы МББК үшінші орынды иеленді.