Бүгін, 4 ақпан күні аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов облыстық ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиев және тиісті мекеме басшылары Шолақаңқаты мен Алғабас ауылдық округтеріне арнайы барып, мал қыстағының өту барысымен танысты.
Сапар барысында шаруа қожалықтарының иелерімен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Қысқы маусымда мал шаруашылығын тұрақты жүргізу, жем-шөп қоры, ветеринариялық қауіпсіздік және ұйымдастыру жұмыстары бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жауапты сала мамандарына туындаған мәселелерді дер кезінде шешу және шаруаларға жан-жақты қолдау көрсету міндеттелді.
Қорытындылай келе, сапар барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, қысқы кезеңде мал шаруашылығын тұрақты дамытуға бағытталған нақты міндеттер айқындалды. Берілген тапсырмалар шаруалардың жұмысын жеңілдетіп, саладағы өзекті мәселелерді жүйелі шешуге негіз болады.