Ағымдағы жылдың 4 ақпан күні Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген соңғы өзгерістерге қолдау білдіру мақсатында аудан әкімі Жұмагелді Батырниязовтың төрағалығымен актив отырысы өтті.
Жиынға аудандық мекемелер мен бөлімдердің басшылары қатысып, жаңа Конституция жобасының маңыздылығына қолдау білдірді.
Отырыстың күн тәртібінде жаңа Конституция жобасына қатысты мәселелер қаралып, спикерлер құжаттың негізгі бағыттарын түсіндіріп, оның қоғам өміріндегі рөліне кеңінен тоқталды.
Атап айтқанда, “AMANAT” партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы Дарғожиев Талғат, Сырым ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Кубаев Тимур, сондай-ақ Сырым “мектеп-лицейінің” тарих пәнінің мұғалімі Нығметжанов Бекболат жаңа Конституция жобасына енгізілген өзгерістер мен негізгі жаңашылдықтарды жан-жақты атап өтті. Баяндамалар барысында мемлекеттік тілдің мәртебесі, білім саласын дамыту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты баптарға ерекше тоқталып, олардың қоғам өміріндегі маңыздылығын кеңінен түсіндірді.
Жиын барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Актив отырысы жаңа Конституция жобасының маңыздылығын түсіндіруге және қолдау білдіруге бағытталды.