БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСТЕР

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСТЕР
Бүгін, 3 ақпан күні, 2025-2026 оқу жылында ауданымыздың білім саласында зор жетістікке жетіп, республикалық деңгейде Сырым ауданының абыройын асқақтатқан оқушылар мен ұстаздарды аудан әкімі арнайы қабылдады.
Салтанатты кездесуге Сырым ауданының әкімі Батырниязов Жұмагелді Жолдыбайұлы, облыстық мәслихат депутаты Нұрмұханов Ғанимат Қайыржанұлы, “AMANАТ”партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы Дарғожиев Талғат Мұратұлы, ардагер ұстаз Ерғалиева Гүлбақша Халиахметқызы, сондай-ақ бөлім басшылары қатысты.
Кездесу барысында аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, білім саласындағы табыстар аудан дамуының басты көрсеткіші екенін атап өтті. Ардагер ұстаз Гүлбақша Халиахметқызы да жылы лебізін білдіріп, жас ұрпаққа ақ батасын берді.
Марапатталғандар:
Арыстанов Мұқат Қайыржанұлы – Қ.Мырзалиев атындағы ЖББОМ тарих пәнінің мұғалімі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, 2025 жылғы облыстық “Үздік педагог” байқауының жеңімпазы. Аудан әкімінің Алғыс хаты мен естелік сыйлығы табысталды.
Меңдешұлы Жандос - “Сырым - мектеп” лицейінің информатика пәні мұғалімі, педагог-модератор.
Республикалық “Педагогикалық идеялар фестивалі” байқауының ІІІ орын иегері. Аудан әкімінің Алғыс хаты және 100 000 теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Қаспай Айсезім Жұмағазықызы - Қособа “мектеп–бөбекжай- балабақша” кешенінің 10-сынып оқушысы, республикалық “Ақберен” өнер байқауының ІІ орын иегері. Арнайы Алғыс хат, сыйлық және 20 000 теңге қаржылай сертификат табысталды.
Жетекшісі: Досқалиева Гаухар Серікқызы - Алғыс хат және 30 000 теңге қаржылай сыйлықтың иегері.
Сонымен қатар, облыстық олимпиадалар мен ғылыми байқауларда жүлделі орын алған бірқатар оқушыларға аудан әкімінің Алғыс хаты мен кітап сыйлығы табысталды.
Осындай жетістіктер - ауданымыздың білім саласындағы жүйелі еңбектің нақты нәтижесі. Ұстаздар мен оқушыларды толағай табыстарымен құттықтаймыз, алар асуларыңыз биік болсын!
 
Нұрайлым Қуандыққызы