31 қаңтар күні Казталов ауданында қазақтың тұңғыш палуаны, алып күштің иесі Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына орай ұлттық спорт түрі — арқан тартыстан «BOSTONDYQ CUP–2026» облыстық ашық турнирі ұйымдастырылды.

Күш пен жігер сынға түскен тартысты додаға облыстың түкпір-түкпірінен жиналған 14 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс барысында спортшылар жоғары дайындықтарын көрсетіп, жанкешті күрес пен нағыз спорттық рухтың үлгісін танытты.
Байрақты бәсекенің қорытындысы бойынша:
🥇 І орын — Бостандық командасы,
🥈 ІІ орын — Орал қаласының командасы,
🥉 ІІІ орын — Сырым ауданының Қособа командасы иеленді.
Бұл жетістік — табанды еңбек пен ұйымшылдықтың, қажырлы дайындықтың айқын нәтижесі.
Жерлестерімізді шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда да толағай табыс тілейміз!
 
Құбаева Нұрайлым