КӨҢІЛІ СЕРГЕК ҚАРИЯ

КӨҢІЛІ СЕРГЕК ҚАРИЯ
Жымпиты ауылының тұрғыны Төлепқали Әлиев 80 жастың төріне шығып отыр.
Қария бүгінде тың, көңілі сергек, арасында әзіл әңгіме айтып та қояды.
Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мирам Қайырғалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев мерейлі жас иесі Төлепқали Құмарұлына арнайы барып сәлем берді.
Сексеннің сеңгіріне шығып отырған қарияға арнайы құттықтау хат тапсырып, сый-сияпат тарту етті.
Қособа ауылында дүниеге келіп, осы өңірде мектептен білім алған ол еңбекке де ерте араласты.
Ауылда көлік жүргізушісі болды, жөндеу шеберханасында темір жонды, бертін жылы қожалық меңгерушісі болып зейнетке шықты.
Төлепқали Әлиев отбасында ұрпақ, немере, жиен қызығына бөленіп отырған қария.
Ол өзіне арнайы сәлем бере келген лауазым иелеріне аталық ақ алғысын айтып, елдің тыныш, халықтың аман болып отыруына әркез тілеулес екендігін айтып батасын берді.
 
«СЫРЫМ ЕЛІ»