“АЛАШ IQ” ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

“АЛАШ IQ” ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні ауданымызда ерекше шара - “Алаш IQ” оқу орталығының ашылу салтанаты өтті. Іс-шара аудан әкімі Жұмагелді Батырниязовтың құттықтау сөзімен басталып, жаңа орталықтың ашылуы қоғам мен білім саласына қосқан маңызды бастама екенін атап өтті.
Келесі сөз кезегі Алмажай Сүлейменованың атасы - Мұқан Жүсіповке беріліп, құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, “Алаш IQ” оқу орталығының негізін қалаушы - Алмажай Сүлейменова орталықтың мақсаты, міндеттері мен оқушыларға көрсетілетін мүмкіндіктер туралы айтып өтті.
Аудан әкімі Жұмагелді Батырнизов пен Алмажай Сүлейменованың алғашқы ұстазы - Алтынай Сәрсенғалиеваның қатысуымен салтанатты лента қию рәсімі жасалды. Бұл сәт - жаңа оқу орнының білім әлеміне қадам басуын маңызды түрде білдіріп, келешек жетістіктердің бастауы болды.
“Алаш IQ” оқу орталығының ашылуы - жастардың білімге деген құштарлығын арттыруға, жылдам оқуға, шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды қадам. Бұл орталық көптеген шәкірттердің дамуы мен болашаққа сенімді қадам жасауына мүмкіншілік береді.
 
Құбаева Нұрайлым