ЗАҢГЕР КЕҢЕСІ - ӘР ТҰРҒЫНҒА

ЗАҢГЕР КЕҢЕСІ - ӘР ТҰРҒЫНҒА
Ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні аудан әкімдігінің ғимаратында заңгерлер мен мемлекеттік және құқық қорғау органдары, сот орындаушылар және нотариус өкілдері тұрғындарға тегін құқықтық кеңестер беру аясында “Халық заңгері” республикалық акциясы ұйымдастырылды.
Акция аясында азаматтар өздерін қызықтырған құқықтық мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, кәсіби мамандардан нақты және толық ақпараттар алды. Бұл тұрғындардың өз құқықтарын түсінуіне, заңнаманы дұрыс қолдануға және күнделікті өмірде туындайтын мәселелерді шешуге үлкен көмек болды.
Мұндай бастамалар - халық пен билік арасындағы сенімді нығайтып, заңгерлік қолжетімділікті арттырудың маңызды қадамы.
 
Құбаева Нұрайлым