Ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарының жетекшілеріне арналған жиналыс өтті
Жиналыстың күн тәртібінде 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі тыңдалып, саланың негізгі көрсеткіштері мен жетістіктері талқыланды.
Сонымен қатар, 2026 жылға қойылған міндеттер айқындалып, үйірмелер жұмысының тиімділігін арттыру, қатысушылар санын көбейту, шығармашылық бағыттағы қызметтерді жүйелеу мәселелері қаралды.
Жиын барысында ақылы қызмет түрлерін дамыту және олардың көлемін арттыру, халық сұранысына сай жаңа қызметтер енгізу, қызмет сапасын жақсарту арқылы кіріс көздерін ұлғайту қажеттігі атап өтілді.
Бұдан бөлек, қысқы маусымдық жұмыс жоспары, мерекелік және мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру, ғимараттардың қыс мезгіліне дайындығы, қауіпсіздік талаптарының сақталуы мәселелері күн тәртібіне енгізілді.