Бүгін, 13 қаңтар күні аудан әкімінің міндетін атқарушы Серік Әнуарұлы Тоқмамбетовтың төрағалығымен “Күміс алқа” мемлекеттік наградасын табыстау рәсімі өтті. Марапат көпбалалы аналардың мемлекетке және қоғамға сіңірген еңбегін мойындау, аналық мәртебесін көтеру мақсатында берілді.
“Күміс алқамен” марапатталған аналар:
Ақжарқынова Марпуға Құрманбайқызы - 6 баланың анасы, Жымпиты ауылдық округінің тұрғыны. Тұрғаналиева Ганмирайм Ганмиршақызы - 6 баланың анасы, Бұлдырты ауылдық округінің тұрғыны.
Мемлекеттік марапат иелерін шын жүректен құттықтап, отбасыларына амандық, дендеріне саулық, шаңырақтарына шаттық тілейміз. Аналарға деген құрмет - елдің болашағына деген құрмет!