Мәдениет – халқымыздың баға жетпес рухани қазынасы. Осы құндылықты жас ұрпақтың бойына сіңіру жолында мәдениет ошақтарының алар орны ерекше.
Бүгін, 17 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінің балалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Өнер – өмір өрнегі» атты көркемөнерпаздар үйірмелері балаларының жылдық есеп беру гала концерті өтті.
Кеш барысында өнерлі өрендер ән мен жырдан шашу шашып, мың бұрала билеген бишілер көрерменге көтеріңкі көңіл күй мен әсем әсер сыйлады.
Жас таланттардың өнерге деген құштарлығы мен талпынысы көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, мазмұнды да мағыналы кешке айналды.