СЫРЛЫБАЙ - “САРАЙШЫҚ МЕРГЕНІ”

СЫРЛЫБАЙ - “САРАЙШЫҚ МЕРГЕНІ”
Сырымдық садақшы Сырлыбай Ғалымжанов Атырау қаласында өткен “Сарайшық мергені” атты Батыс аймақтық лигасында “Платинум” деңгейі бойынша чемпион атанды.
Батыстағы төрт облыстың үздік мергендері бақ сынайтын лиганың мақсаты - садақ спортын дамыту, қазақтык жауынгерлік өнерін насихаттау.
Деңгейлер садақшылардың орта Азия нысанасына атып жинаған ұпайлары бойынша бөлінеді.
Сырлы жебесін сайлаған Сырлыбай жазда Алматы облысы, Талғарда өткен “Ақ бидай” ауыл спорты ойындарында өңір құрамасы сапында өнер көрсетті.
Енді міне “Сарайшық мергені” атағын иеленді.
Б. ШЕРІМ,
Сырым ауданы