Ауыл шаруашылылығы, тамақ өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері кәсіби мерекесіне арналған аудан көркемөнерпаздарының «Еңбек түбі – береке» мерекелік салтанатты шарасы өтті.
Ауданның ауыл шаруашылық саласындағы жетістіктері туралы бейнеролик жиналғандардың назарына ұсынылды. Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов құттықтау сөз сөйлеп:
– Сіздерді бүгінгі мерекелеріңіз ауыл шаруашылығы күнімен құттықтаймын! Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының негізгі тірегі. Еңбегі ерен, маңдай терімен туған жердің ырысын тасытқан Сіздерге аудан халқы әрқашан ерекше құрметпен қарайды. Жер өңдеген диқандар, төрт түлікті түлеткен малшының, егістік пен шаруашылық басында жүрген мамандардың еңбегі, төккен тері – әр маманның ауданның дамуына берекесі мен молшылығының кепілі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 14 қарашада өткен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ІІ форумында сөйлеген сөзінде: «Ауыл шаруашылығы – экономикамыздың стратегиялық мәні айрықша саласы. Ауыл шаруашылығы әрдайым мемлекет назарында,- деп, Президент ретінде осы саланың қарқынды дамуына ерекше мән беретінін атап өткен болатын. Бүгінгі мереке – сіздердің еңбектеріңізге көрсетілген құрметтің белгісі. Осы салада жасайтын барлық азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін, -деді.
Аудан әкімі ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының «Елеулі еңбегі үшін» медалін «Ащықұдық» ШҚ жетекшісі Қуанышбай Сихов, «Мирас» ШҚ жетекшісі Бауыржан Қалишанов, «Еркебай» ШҚ басшысы Базарбай Жәденғалиевтың өңіріне тақты.
Ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіодағының ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» медалімен фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының Сырым ауандық филиалының жүргізушісі Шора Өтепов марапатталды.
Батыс Қазақстан облысының әкімінің алғыс хаты «Атансай» ШҚ басшысы Кәкімғали Телегенов, «Правда» ШҚ басшысы Қайрат Меңдіғалиев, «Syrym-Fish» АШӨК төрағасы Дәурен Жұматаевқа табыс етілді.
БҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының алғыс хатымен «Ораз» ШҚ басшысы Сержан Оразов, «Раушан» ШҚ басшысы Берік Айтакашев марапатталды.
БҚО Ветеринария басқармасының алғыс хатына Сарой ауылдық округінің ветеринар-санитары Исатай Кенжесов ие болды.
Сырым ауданы әкімінің алғыс хатымен «Қайрат» ШҚ басшысы Бауыржан Өтепов, «Ахметқалиев» ШҚ басшысы Абылай Ахметқалиев, «Демеу» ШҚ басшысы Дидар Тұрғали, «Тілекқабыл» ШҚ басшысы Артур Жұматов, «Нұр» ШҚ басшысы Әбілхамит Ерғалиев, «Арон» ШҚ басшысы Асланбек Мырзағалиев, «Сәрсен» ШҚ басшысы Тарас Сәрсенов, «Асхат» ШҚ басшысы Асқар Отарбаев, «Жамбыл» ШҚ басшысы Бекболат Кузайров, «Алдияр» ШҚ басшысы Ерболат Абдуғалиев, аудандық жер қатынастары бөлімінің статисті Назгүл Жаулыбаева, Бұлдырты ауылдық округінің ветеринар-санитары Жасқайрат Жексембаев марапатталды.
Ауыл шаруашылығы саласына үлес қосқан «Алпысбай» ШҚ механизаторы Ғалиасқар Қитаров «Үздік механизатор», «Молдағали» ШҚ басшысы Төлеген Исақұлов «Төрт түліктің майталманы», «Нұрдәулет» ШҚ басшысы Қайырбек Мырзағалиев «Цифрлық фермер» аталымдарына ие болды.
Ауыл шаруашылығы қызметкерлері арасындағы аудан біріншілігінің жүлдегерлері марапатталды. Одан кейін салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.