Сырым ауданының полиция бөлімінде ардагерлер мен бөлім қызметкерлері бас қосып, ардагерлерді марапаттау рәсімдеріне куә болды. Алдымен, бөлім бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Кенжебек Қоспаев жылы лебізін арнап, ардагерлерге марапаттарды табыстады. Амантай Камалов Ішкі істер министрлігінің «Құрметті ардагері» төсбелгісімен, Қуат Жұматаев «Милиция қызметіндегі еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталса, Демеуғали Берікқалиев ақшалай сыйлыққа ие болды. Мерейлі жасқа толып отырған Амантай Қуанышұлы мен Қуат Мақсотұлына музыкалық сәлемдемелер жолданды.
Шара соңында бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Алтай Жумажанов, Амантай Қуанышұлы өз сөздерінде бөлім басшылығына алғысын білдірді.