Ауданымызда дәстүрге сай "Домбыра сыйла" акциясына Қособа мектебінің бітіруші 20 жылдық түлектері өздерінің алтын ұя мектептеріне 15 домбыра сыйлады.
Түлектер тек мектепке емес, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына кезек-кезек алғыс айтып, гүл шоқтарын сыйлады.
Аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Берік Жанболсынов мектеп түлектерін құттықтап, ұстаздар қауымына ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде сәттілік тіледі.
- Ұрпақ қамын ойлап, түлеп ұшқан алтын ұя мектептеріңізді ұмытпай келгендеріңізге алғыс. Осы домбыраларды күмбірлетер күйшілер шығады деген үміттеміз,- деп жылы лебізін білдірді мектеп директоры Жансұлтан Нұрмұханов.