Ардагерлердің назарына!
Құрметті ардагерлер!
Аудан орталығындағы «Қайсар» спорт клубының жаттығу залында ардагерлер үшін үстел теннисі, дойбы, шахматтан жаттығу өткізіледі.
Жаттығу жұмысы әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 16:00-де жаттықтырушылардың жетекшілік етулерімен өтеді.
Сондай-ақ ай сайын осы спорт түрлерінен ардагерлер арасында спорттық сайыстар өткізілу жоспарға енгізілген.
Қосымша мәліметтерді клубтың жауапты спорт маманы Жансерік Бейбітұлынан (байланыс телефоны 8771 409 53 00) біле аласыздар.