БОЯУДАҒЫ МЕЙІРІМ

БОЯУДАҒЫ МЕЙІРІМ
Бүгін аудандық балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында “Мейірбандық күндері” қайырымдылық айлығы аясында ерекше балалар арасында сурет байқауы ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты — ерекше қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық әлеуетін танытып, қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету. Қылқаламды серік еткен жас суретшілер өз қиялынан туған түрлі-түсті туындыларын бейнелеп, өнер арқылы мейірім мен үміттің сәулесін жеткізді
Байқаудың ашылу салтанатында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Исатаева қатысып, жас суретшілерге шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі.
Байқау нәтижесінде салынған үздік жұмыстар 25 қазан күні өтетін қайырымдылық жәрмеңкесінде жұртшылық назарына ұсынылмақ. Бұл жәрмеңкеде жиналған қаражат балалардың дамуына бағытталады деп күтілуде.
“СЫРЫМ ЕЛІ”