МҰРАТ МЕРГЕН БАБЫНДА!Жуырда ғана “Ақ бидай” республикалық ауыл спорты ойындарында садақ атудан ел чемпионы атанған сырымдық Лұқпанов Мұрат кеше тағы да жарқ етті!
11–12 қазан күндері Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дәстүрлі садақ атудан республикалық ашық турнир өтті.
Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру басқармасының хабарлағанындай, екі күнге созылған бұл мергендер додасына еліміздің 12 өңірінен және шетелден — Өзбекстан мен Башқұртстаннан келген 100-ден астам садақшы қатысты.
Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Лұқпанов Мұрат қалқан нысанасы бойынша сәтті нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.
Мұрат Лұқпанов жуырда Оңтүстік Кореяда өтетін Әлем чемпионатына аттанады.