ТОҚСАННЫҢ ТӨРІНДЕГІ ЛИМАР АҒА

ТОҚСАННЫҢ ТӨРІНДЕГІ ЛИМАР АҒА
ТОҚСАННЫҢ ТӨРІНДЕГІ ЛИМАР АҒА
Лимар Валитов Жымпиты өңірінде 1934 жылы өмір есігін ашты. Осындағы орта мектепте оқыды, он жыл дықты қатарластарымен бірге ойдағыдай тамамдады.
Сабырдың Лимары өте еңбекқор болып ер жетті.
Ер жетті дегеннен шығады ол да балалық балдәурен шақта Жымпитыдағы қара домалақ ұл-қыздармен асыр сала ойнады.
Сол ойнаған кездер әлі көз алдында тұр, ол шақ ұмытылмайды ғой, шіркін
Сол кезеңді есіне ала әңгімелегенде, 90 жастың төріне шығып отырған Лимар қария қомдана, сілкініп қойып, «Ой, ол жылдардың қызығы бөлек-ті. Сол кездері 20-25 ұл-қыз болып қазақтың ұлттық ойындары асық ату, қуыспақ, жасырынбақ ойнайтынбыз. Өлеңті өзеніне суға шомылып, өзенге қармақ салып балық аулау, пештас соғу, үй, қора майлау, дала алқабынан гүл теріп, жуа жинаудың өзі неге тұрады? Өмірдің нағыз қызық кезеңі сол екен ғой. Бүгінде осы балалық балдәурендегі бал достардың кейбіреуі ортада жоқтығы қабырғаға батады.
Ал, зейнеткерлік демалыстағы көз көрген достардың облыс аймағындағылары бүгінде немере, жиен қызығын көріп отыр, - дейді ол.
Өзінің еңбек жолын 1944 жылы аудан орталығындағы май зауытынан бастаған Лимар Сабырұлы Оралдағы дәрігерлік училищені бітірген соң 1952-1980 жылдары Жымпитыдағы обаға қарсы күрес мекемесінде жемісті қызмет атқарды.
Ал,1980 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін Лимар аға аудандық санэпидемстанса мекемесінде үзіліссіз еңбек етіп, жастарға ақылшы аға болды.
Ол ұзақ жылғы атқарған қызметіне орай Үкімет тарапынан «Денсаулық сақтау саласының үздігі» белгісі және «Еңбек ардагері» медалімен, бірнеше рет Құрмет грамотасы, дипломдармен марапатталды.
Лимар аға бүгінде Орал қаласында тұрады.
Бірақ, ол туған өңірде болып жатырған жақсылықтарға қуанып, тың өзгерістерге ақ батасын беріп отырады.
Яғни, елмен байланысы әсте үзіліп көрген емес.
Өмірлік қосағы Фаузия Ғалымжанқызымен ұрпақтар тәрбиелеп өсірген бақытты ата мен әже.
Мүсірбек АЙТАШЕВ