КЕҢЕС МІНБЕРІНДЕ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР
Осы аптада аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов, орынбасарлары және ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары қатысты.
Осы жолғы отырыста ауданымыздағы мәдениет, білім ауылшаруашылығы және құрылыс саласындағы өзекті тақырыптар талқыланып, түйткілді мәселелерді шешу бағытында сөз қозғалды.
Кеңес мінберінде Сырым ауданындағы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің, аудандық білім беру бөлімінің атқарылған жұмыстары тыңдалып, талқыланды.
“Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спорт саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы” және “Сырым ауданы бойынша елді мекендерді ауыз сумен қамту туралы” бойынша мәселелер қаралды.
Қоңдыкер ЕЛЕУОВ,
“СЫРЫМ ЕЛІ”