Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылуы мүмкін. Бұл туралы кешегі Жолдауында ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев айтты.
- Жаңа технологиялық қалыптың ажырамас бөлігіне айналу үшін бүкіл мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрып, оның азаматтар мүддесіне сай болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ашықтығы мен тиімділігін еселеп арттыру керек.
Сондықтан қазіргі құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек.
- деді Тоқаев мырза.
Цифрлық үрдіс бүгінгі күні өмірімізге дендеп енгені рас. Сөздің бір мысалы - шаруалардың “электронды бақташыларды” қолдануы. Сырым аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің мәліметінше, биыл 4 шаруашылық осы технологияны қолданысқа алған.
Айта кетейік, “электронды бақташы” қызметін қолданушы қожалықтарға үкіметтен 25% субсидия қарастырылған.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы