ҚАЗЫНА ҚАЗАНЫН ИНВЕСТИЦИЯ ТОЛТЫРАДЫ
Кешегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауда ҚР Президентінің Қасым - Жомарт Тоқаевтың екпін салып айтқан ең бір маңызды тақырыбы - экономика мәселесі.
- Қазақстан – әлем қауымдастығының ажырамас бөлігі. Мемлекетіміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан.
Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық.
Менің негізгі мақсатым – осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. - деді Мемлекет басшысы.
Ел қазынасын молайтудың төте жолы - инвестиция тарту.
Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов халықпен кездесуде мәлімдегеніндей, 2025 жылдың басынан негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 млрд 640млн.теңгені құрағанын, былтырғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш 53%-ға артық орындалғанын айтты.
Аудандағы инвестиция тарту бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2025 жылы құны 6 млрд. 418 млн теңге болатын 48 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Жобалар шеңберінде 135 жаңа жұмыс орыны ашылмақ.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы